Танымал UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова спортшымен қайта татуласқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ажырасу процесі әлі аяқталмаған.
Бұған дейін спортшының жұбайы олардың қарым-қатынасының аяқталғанын мәлімдеген еді. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол некені бұзу процесінің жүріп жатқанын атап өтіп, мәселе толық шешілген соң жұртшылықты хабардар ететінін жеткізді.